Sony мен Marvel-дің Том Холланд басты рөлдегі жаңа блокбастері екі миллиардтық элиталық клубқа еніп, кино тарихындағы ең жылдам қарқынмен жинақталған екінші фильм атанды, деп хабарлайды infohub.kz.

«Өрмекші-адам: Жаңа күн» суперқаһармандық экшні әлемдік прокатта небәрі үш уикенд ішінде 2 миллиард доллар жинады. Том Холланд қатысқан Питер Паркер туралы төртінші жеке фильм Солтүстік Америкада 785 миллион доллар, ал халықаралық нарықта 1,23 миллиард доллар жинап, жалпы қорытындысы 2,022 миллиард долларды құрады.

Бұл фильм әлемдік кино тарихында осы межеден асқан сегізінші туынды болды. Одан жылдамырақ бұл көрсеткішке тек «Мстители: Финал» жеткен еді, ол 11 күнде бұл деңгейді бағындырған. «Жаңа күн» өзінен кейін «Аватар», «Мстители: Шексіздік соғысы» және «Жұлдызды соғыстар: Күш оянады» сияқты кассалық алыптарды қалдырды.

Франшизаның алдыңғы бөлімі — 2021 жылғы «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» фильмі Қытайда прокатқа шықпағандықтан 1,9 миллиард долларда тоқтап, рекорд орната алмаған еді. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі көрсеткіштер бұл фильмге жылдың ең кассалық фильмі атануға мүмкіндік береді.