Ормуз бұғазында мұнай танкері теңіз минасына соқтығысып, жарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Tasnim агенттігінің дерегінше, кеме әлемдегі ең стратегиялық маңызы бар теңіз дәліздерінің бірінде Иран ұсынған бағыттан ауытқып, минаға соқтығысқан, соның салдарынан жарылыс болған.

Иран билігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермеді. Сондай-ақ танкердің аты, кімге тиесілі екені және апаттың салдары туралы ақпарат жоқ.

Бұл оқиға Ормуз бұғазында кеме жүзу қауіпсіздігі бойынша жалғасып жатқан келіссөздер аясында болды. The Jerusalem Post басылымының дереккөздерінің хабарлауынша, Иран мен делдал Оман осы маңызды маршрут арқылы кемелердің өту режимінің болашағын талқылауда «біршама ілгерілеуге» қол жеткізген.

Оманның ұсыныстарының бірі — теңіз қауіпсіздігі, іздеу-құтқару операциялары және басқа да ынтымақтастық бағыттарымен айналысатын өңірлік консорциум құру. Дереккөздердің айтуынша, мұндай құрылымға қатысу ерікті болуы тиіс.

Алайда Тегеран бұл бастамаға әзірге қарсы және міндетті төлемдерді талап етеді. Оның айтуынша, әйтпесе бұғаз арқылы кеме транзиті шектелуі мүмкін.