Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өрнектерді салыстыру»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру, есептер жайлы білімдерін кеңейте түсу, сұрақтарға жауап алу, оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілеттерін белсенділігін арттыру, математикалық қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, дәптерге таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, гүл жапырағы, геометриялық фигуралары.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Түрі: Жарыс сабақ, ойын сабақ.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық жасау.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басынан,
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.
Дегендей қазір бізде қай сабақ? (математика)
Математика сабағында біз не айтушы едік?
- Есептеуді білмейтін адам, түк білмейтін адам деп айтамыз.
Яғни, сабаққа бар зейінімізді аударамыз.
Сонымен қатар бүгінгі сабақ ашық екендігін, бізге қонақтар келіп отыр, андарын ескертемін.
Келгенше қонақ ұялады - демекші
Біз ұятқа қалмауға тырысамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырмалар берілді?
- Орындап келдіңіздер ме?
- Қане тексеріп көрейік.
Үй тапсырмасын оқушылар кезекпен оқып, тексеріледі.
3. «Кім шапшаң?» ойыны.
Әйнекшеге >, 4+2 бұл не? (Теңсіздік)
Қыздар 4+2> 4+3 (Теңсіздік)
Теңсіздіктің екі жағында не жазылған? (Өрнектер)
Өрнектерді салыстырамыз.
4+3=7 4+2=6 7>6
4+3 > 4+2
Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ. 5 - 2 және 5 - 1 өрнегін құрастыру.
2-топ. 4 - 3 және 4 - 2 өрнегін құрастыру.
3-топ. 6 - 2 және 6 - 3 өрнегін құрастыру.
6. Сергіту сәті.
7. Оқулықпен жұмыс.
№1. Тапсырмадағы суреттерді пайдаланып, өрнектер мен теңсіздіктерді түсіндіру талап етіледі.
4 қызыл, 2 көк дөңгелек 4+2 өрнегі болады.
4 қызыл, 1 көк үшбұрыш 4+1 өрнегі болады.
№2. 6 қызыл дөңгелек, оның нешеуі сызылған?
6 - 2
6 қызыл үшбұрыш, оның нешеуі сызылған?
6 - 1
6 - 2 3+1 3 - 2<3 -="" 1="" 3="" -="" 0="">3>
9. Қорытынды.
10. Мадақтау. Бағалау.
Өрнектерді салыстыру
Сабақтың тақырыбы: «Өрнектерді салыстыру»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз607 қаралым
#бастауыш сыныптарына#өрнекті салыстыру#ашық сабақ математика 2 сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

