БҰҰ аясындағы Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі үшінші жаһандық конференция алдында Орталық Азия елдерінің басшылары бейресми кездесу өткізді. Басқосу барысында өңірлік әріптестікті кеңейту, өзара сауда байланыстарын тереңдетуҰ және көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері қаралды.

Көшбасшылар аймақ елдері арасындағы экономикалық, гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті тұстарын саралап, болашақтағы нақты қадамдарды пысықтады. Сонымен қатар, тұрақты даму, климат өзгерісі және азық-түлік қауіпсіздігі секілді ортақ мәселелерге қатысты ұстанымдар талқыланды.

Кездесу достық пен сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сеп болмақ.