1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 197,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шолуына сәйкес, ең төменгі зейнетақы 104,6 мың теңгеге, ал ең жоғарысы 238,4 мың теңгеге жетті.

2026 жылдың басынан бастап жыл сайынғы индексация аясында ынтымақты зейнетақылардың (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтіліне байланысты төлемдер) мөлшері 10%-ға арттырылды. Мемлекеттік базалық зейнетақы да 10%-ға өсті.

Бұл ретте базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс минимумының 118%-ына дейін өсті. Нәтижесінде жиынтық зейнетақының (базалық және ынтымақты) ең төменгі мөлшері 104,6 мың теңгені, ал ең жоғарысы 238,4 мың теңгені құрады.

Сонымен, 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа зейнетақы мөлшері 197,45 мың теңге болды, оның 54 мың теңгесі — базалық зейнетақы, 103,4 мың теңгесі — ынтымақты және 40 мың теңгесі — жинақтаушы зейнетақы.

1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,6 млн адамды құрады. 2026 жылы мемлекет зейнетақы төлеуге 4,9 трлн теңге (ынтымақты зейнетақыға 3,2 трлн теңге және базалық зейнетақыға 1,6 трлн теңге) бөлуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін «Курсив» 2026 жылы зейнетақы мөлшері неге байланысты екенін жазған болатын.