4 сынып
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4. 2. 1. 6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
Тілдік мақсат: Сұрақтар, мағынасы қиын сөздер
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ
Бағалау критерийлері: Қызыл кітап туралы түсінік алады.
Өсімдік пен адам арасындағы байланысты анықтайды
Өсімдіктердің алуан түрлілігі жөнінде білім жинақтайды
Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап, маңызын ұғынады
Құндылықтарды дарыту: Табиғатты аялауға тәрбиелеу, Топта бірін - бірі тіңдау, құрметтеуге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар: Әдебиеттік оқу
Сабақтың басы:
І. Ұйымдастырушылық кезең
ІІ. Психологиялық даярлық
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
(Оқушылар жүрекше жасайды, бастарын көрсетеді, алдымен оң қолын, содан кейін сол қолын көрсетіп, өлең шумақтарына сәйкес қозғалыс жасайды)
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.
I топ« Бәйшешек»
II топ « Лалагүл»
III топ «Қызғалдақ»
«Ия немесе «Жоқ» әдісі
- Өсімдік тірі ағза емес /жоқ/
- Өсімдікке жылу керек емес /жоқ/
- Адамдардың табиғатсыз күні жоқ /ия/
- Өсімдіктер ауамен тыныс алады /ия/
- Қыста жапырақтар сарғайып жерге түседі /жоқ/
- Жазда өсімдіктер өсуін тоқтатады/жоқ/
- Күзде өсімдіктер пісіп жетіледі/ия/
- Көктемде өсімдіктер көктеп шығады /ия/
- Бөлмеде ағаш өседі/жоқ/
- Өсімдікке күтім керек /ия/
- Өсімдіктерді қорықтарда қорғайды /ия/
Оқушылар тиісті жауаптарын«ия» немесе «жоқ» сөзі арқылы береді
Оқулықтан Өсімдіктер әлемі және адамдардың өсімдіктерді өз пайдасына жарату тақырыбын оқытып, сұрақ - жауап ұйымдастырамын.
Құптау сөздері
Өсімдіктерді қалай қорғау керек? жүктеу
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз792 қаралым
#табиғат#өсімдіктер әлемі#өсімдіктерді қорғау#өсімдіктердің табиғаттағы орны#өсімдіктер сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

