16 шілдеде Өскемендегі Қазақстан тауындағы мемлекеттік ту жыртылғаны байқалды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде жыртылған мемлекеттік нышанның суреттері таратылуда. Тудың ұзындығы – 24 метр, ені – 12 метр.

Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі редакцияға: «Ауыстыру үшін бригада шығып кетті. Олар жедел түрде ауыстырады», – деп мәлімдеді.

Бұл таудағы тудың желдің күшті екпінінен жыртылуы алғаш рет емес. 2014 жылғы дерек бойынша, мұндай бір тудың құны бір миллион теңгеден асқан. Қатты желден мата тез тозады, жылына бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Мысалы, 2017 жылы осы туды ауыстыруға бес миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Бұған дейін қазақстандық патриоттарға балкондарға ту ілуге рұқсат етілген болатын.