Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға отбасы тақырыбын түсіндіре отырып, мағынаны ашу, отбасы жайлы мағлұмат беру. Білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін нығайта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұстанымдыққа, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: музыка, ана тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
Жаңа сабақ
Қоғам дегеніміз не? Қоғамның Қазақстан Республикасының қоғамы. Оның белгілі бір аймағы бар. Басқарушысы халқы бар.
Отбасын неге қоғам дейміз? Отбасының да басшысы бар. Отбасында әке немесе шеше басқарушы болады. Олардың бірі болмаса, аға немесе апаң болады.
Отбасының басшысы дегенді қалай түсінесің? Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының туған - туысқандары болады. Қазақ халқының жігіт адамның үш жұрты болады. Олар:
Өз жұрты
Нағашы жұрты
Қайын жұрты
Өз жұрты дегеніміз - өзінің ата - әжесі, әке - шешесі, аға - жеңгесі, іні - қарындастары т. б. ағайын туысқандары болады.
Нағашы жұрты дегеніміз - өз ананың төркін жұрты.
Қайын жұрты дегеніміз - әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, оларға күйеу болады.
Топқа бөлу
Топтық жұмыс.
I топ Ата
II топ Бала
III топ Немере боласыңдар.
1- тапсырма. Таныстыру яғни өз топтарын таныстырып, және қорғау.
2- тапсырма. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.
Мақал - мәтелдер айту, Көрініс көрсетеді, Эссе жазады.
3- тапсырма. Карточкамен жұмыс. Карточка таратылады.
1. Ата тобына
Өз отбасының басшысы кім?
Өз отбасына қандай көмек бересің?
2. Бала тобына
Жанұядағы адамдар бір - біріне қандай болу керек?
Бір шаңырақ астындағы адамдарды не дейміз?
3. Немере тобына
Туған - туыспен қарым - қатынасты қалай түсінесің?
Бөле, жиен, құда, құдаша, құдабала деп кімдерді айтамыз?
Көрініс.
Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып, өлтірсің!» деген жарлық беріпті. Халық осы жарлықты орындапты. Бір жас жігіт өзінің әкесінің құз басына әкеліп, итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті. Бала таңданып: «Әке, неге күлесін?» деп сұрапты. Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп едім. Міне, енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін», депті. Мұны естіген баласы әкесін өлтірмей, ханнан жасырып бағыпты. Кейін елінде бір қиын жағдай болғанда хан бүкіл халқын жинап ақыл сұраса, ешкім ақыл бере алмапты. Сонда жігіт әкесіне келіп не болғанын айтқанда, әкесі қиындықты жеңудің шешімін тауып береді. Сөйтіп, елін аман сақтап қалады. Бұған риза болаған хан қартайған адамдарды өлтірмей, қайта олардан ақыл - кеңес сұрап отыру керектігін заңдастырыпты.
Қорытынды.
Ән «Ағайынбыз, бәріміз»
Бағалау. Жетондар тарату
Отбасы - шағын қоғам
Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз563 қаралым
#отбасы мүшелері#ашық сабақ дүниетану 4 сынып#отбасы шағын қоғам#жігіттің үш жұрты
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

