Ана тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгереді.
Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады. Оқушы алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қарлығаш құсын қастерлеуге тәрбиеленеді, қарлығаш құсына деген сүйіспеншілігін арттырады.
Сілтеме: 4 - сыныпқа арналған ана тілі оқулығы. « Атамұра» баспасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей),
Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, оқулық, стикер, құстардың суреттері.
І. Ұйымдастыру бөлімі
(5 мин) Психологиялық дайындық.
Құстар арқылы топқа бөлу.
а) Қарлығаш туралы не білесіңдер?
(Оқушылардың жауабы)
ә) Құстар ауа райын да болжайды екен.
1. Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер барлап ұшса, жаңбыр жауады.
2. Көкек қатты, әрі жие шақырса, күн жылынады. Шағала келсе, сең бұзылады.
3. Шағала келсе, сең бұзылады
4. Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді
5. Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны
6. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
7. Қарға қарқылдаса, қар жауады
ә) Құстарға қарап теңеулер айту.
(Оқушылардың жауабы)
3. Топпен жұмыс
1 - топ: Қарлығашқа, дәуітке, жыланға сипаттама бер
2 - топ: Өлеңде айтылған жақсы қасиеттерді теріп айт
3 - топ: Жаман қасиеттерді теріп айт.
4. “Мен қиялшыл баламын”
1 - топ: Өлеңдегі басты кейіпкерлердің бейнесін сал
2 - топ: Қарлығаш туралы өлең немесе шағын әңгіме құрастыр
3 - топ: Дәуіттің пайдасы туралы өз ойларыңнан ертегі құрастыр
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш» жүктеу
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз627 қаралым
#қарлығаш#өтебай тұрманжанов#табиғат пен адам#табиғат пен адам баласы
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

