2 класс
Урок родного языка и литературы
Сабақтың тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгеру.
2. Ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру.
3. Табиғаттың адам өміріне, жан - жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармалық жұмыс, мәнерлеп айту, оқу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, дене шынықтыру.
Құралдар: Оқулық, Өтебай Тұрманжановтың суреті, үнтаспа, графопроектор, сюжетті суреттер (құстардың суреті).
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біздің мектепте қай сыныптардың апталығы жүріп жатыр?
- Апталықтың тақырыбы қалай аталады?
- Апталықта қандай өткізілген іс - шаралар сендерге ұнады?
II. Үй тапсырмасын бекіту.
- Біз қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
- «Айхай, көктем» тарауын.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесін түсініп оқып келу.
1) Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған?
2) Сен Темірдің орнында болған болсаң не істер едің? Бақыттың орнында болсаң ше? Орманға жалғыз кетер ме едің, әлде бармай - ақ. Үйіңе қайтып келер ме едің?
3) Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр. Саған олардың кайсысы ұнайды? Бақыт пен Темірге мінездеме бер.
(Венн диаграмасы бойынша мінездеме бергеміз).
Қорытынды:
1) Осы әңгімеде саған кім ұнады?
2) Өз іштерінде сондай оқушылар бар ма?
3) Бақыт шыбықты қалай күтіп, баптап өсірді?
- Олай болса, сендер де осы шыбықтай өсіп, құлпырып келе жатқан егеменді еліміздің болашағысындар.
Жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болайық.
Сергету сәті: (Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау).
Аппақ болып таң атты.
Түтін тік боп шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
III. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып түсіндіру.
- Бүгін «Қарлығаш» өлеңінің мазмұнын меңгеріп, адам мен табиғат арасындағы байланысты түсініп, өлеңді өз сөзімізбен әңгімелеуге үйренеміз.
1. Қыстап қалған құстардың әкелген тапсырмаларын оқушыларға таратып беремін. Тапсырмалар жұмбақ түрінде беріледі.
Сайрайды бір талмайды
Әнші құс бал таңдайлы
(Бұлбұл)
- Бұлбұл құс не іздейді?
Өзі кілем түсіндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді
Айырмасы білінбей.
(Көбелек)
- Көбелек не іздейді?
• Бәрі бірдей жұмысқа,
Шығатын не?
(Құмырсқа)
- Құмырсқа не іздейді?
2. Тақтадағы сюжетті суретпен жұмыс.
Бұл суреттен қарлығаштың қасиетті киелі құс екенін көріп отырсыңдар. Алмастың құстарға деген ықыласы артып, қарлығаштарға үйреніп қалды.
Жұмбақ:
Бұдыр - бұдыр балшықты
Жинады да талшықты
Ұқсатып қамықта
Үй салады жабыққа.
(Қарлығаш)
- Қарлығаш не іздейді?
- Қарлығаш ұясын іздейді.
- Дұрыс айтасыңдар, қарлығаш ұшып келгенде өз ұясын іздейді. Естеріңдер ме, Төле би атамыз қарлығаш ұя салған үйін жау келгенде де жықпай отырғаны, халқымыздың қарлығашты қадірлеп, адам баласының досы деп сыйлағандығының белгісі екенін білеміз.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңнің екі шумағын мәнерлеп оқып беремін. Оқушылар жалғастырып оқиды. Өлеңнің мазмұнын оқушылардан сұрай отырып, кейіпкерлерге мінездеме бергіземін. Жағымды, жағымсыз жәндіктер туралы да айтқызу. Салыстыру.
V. Өздік жұмыс, өлеңді мәнерлеп оқу.
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш» жүктеу
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Урок родного языка и литературы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз558 қаралым
#құстар#көктем келді#жыл құстары#қарлығаш сабақ жоспары#өтебай тұрманжанов қарлығаш
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

