Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Отырар - қаһарман қала
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларға ата – бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отансүгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мәтін, сөзжұмбақ, суреттер
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) сабаққа назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ортағасырлық қалалар (үш бөліктен) тұрды?
Цитадель ----- Патша сарайы, әкімшілік басқару орындары
Шахристан ---- Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері
Рабат ------------ Еңбекші халық
«Кім көп біледі?» ойыны.
1. ҮІІ – ХІІ ғғ қалаларды ата.
2. Әл Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ, Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар жөнінде не жазды?
3. Бұл қалаларды кім басқарды?
4. Х – ХІІ ғғ ірі қалалардың құрылысы туралы не айтасың?
5. Ортағасырлық қалаларды ата.
6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата.
7. Түркістан атауы қандай мағына береді?
8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған.
ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.
Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал - мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
а) Мәтінмен жұмыс
Отырар – ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған.
ә) Сөзжұмбақ «Отырар»
Ү. Сергіту сәті.
б) «Кім жылдам?» ойыны
1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
4. Қарапайым халық қайда тұрды.
5. Монғол мемлекетін кім құрды?
6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?
7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
8. Бұл қырғын қалай аталады?
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Отырар - қаһарман қала
Сабақтың тақырыбы: Отырар - қаһарман қала
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз833 қаралым
#тарих#отырар#қазақстан тарихы#ашық сабақ#сабақ жоспары#5-сынып
Ұсынылады
Оралдық депутаттар жол жүру және қоқыс шығару тарифтерін талқылаудан бас тартты
Қала әкімдігі ұсынған жаңа тарифтерді қабылдаудан бас тартқан депутаттар ақпараттың жеткіліксіздігін алға тартты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
VI ғасырдағы жәдігер: Маңғыстаудан өңір тарихына жаңа көзқарас беретін артефакт табылды
Маңғыстау облысындағы Қарақабақ көне қалашығынан табылған VI ғасырға жататын құмыра өлке тарихына қатысты жаңалықтар ашуы мүмкін.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Алтын Орданың мұрагерлері: Қазақстан тарихының ресми нұсқасы қалай өзгеруде?
Тарихшы Жамбыл Сабитов Қазақстанның Алтын Орда мұрасына неге көбірек жүгінетінін, тарихқа деген көзқарас қалай өзгеретінін және мектеп оқулықтарында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

