Сабақтың тақырыбы: Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесу химиялық қасиеттерімен танысу, оттегінің ерекше қасиетімен танысу, оттегінің қосылыстарын өмірде қолдану.
Дамытушылық: Оттегінің химиялық қасиеттерін есептер шығаруда қолдану, валенттілік бойынша формула құрастыру, химиялық теңдеу құру дағдыларын арттыру, білімге құштарлығын және функционалдық сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Химия пәні талап етілетін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Блум таксономиясының білу, түсіну, меңгеру, қолдану, жинақтау бөлімдері, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, есептер шығару, танымдық ойын, тәжірибе жасау
Тірек білім мен біліктер: Жану, оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.
Құрал - жабдықтар: Слайдтар, таратпа есептер, күкірт, магний, көмір, оттегі толтырылған ыдыс.
Оқыту формасы: Жеке - дара, топтық жұмыс
Сабақтың барысы: Жоспар:
I кезең. Ұйымдастыру
II кезең Үй тапсырмасын тексеру «Білу»
III кезең. Жаңа сабақ. «Түсіну», «Меңгеру», «Қолдану»
IV кезең. «Жинақтау», «Қорытындылау»
V кезең. Рефлексия
VI кезең. Бағалау
VII кезең. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі:
(1 минут) Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу. I – топ. II – топ. III - топ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.
«Білу»
(4 минут) Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген В - 94 есептер тексеріледі. «Оттектің алынуы, физикалық қасиеттері» тақырыптары бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақ жауап әдісі қолданылады.
Слайд 2 «Бақытты сәт» ойыны
10 баллдық
1. Марганцовканың формуласы.
2. Сутек пероксидінің формуласы
3. Оттектің периодтық жүйедегі орны
20 баллдық
4. Оттегін өнеркәсіпте қалай алады?
5. Оттекті қалай жинаймыз?
6. Оттектің протон саны қанша?
50 баллдық
7. H2O2 қосылысындағы оттегінің валенттігін тап.
8. Оттектің сұйылту температурасы
Оттегінің химиялық қасиеттері. жүктеу
Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Оттегінің химиялық қасиеттері
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз553 қаралым
#химиядан сабақ жоспары#оттегінің химиялық қасиеттері#химиялық теңдеу құру
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

