Сауат ашу пәні бойынша өткізген сабағы.
ТАҚЫРЫБЫ: Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі.
ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары: 0. 1. 1. 2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
0. 2. 1. 1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
0. 2. 1. 2. Берілген мысалдар арқылы М дыбысын ажыратады, М əрпінің баспа түрін табады.
0. 3. 3. 1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін нəтиже:
Барлық тəрбиеленушілер:
Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстыларды ажыратады.
М дыбысы – дауыссыз дыбыс, м дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі м дыбысының орнын ажыратады.
М əрпінің баспа түрін жазады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Сұраққа жауап беріп, берілген суретті мазмұндайды.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
М дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы м дыбысының орнын ажыратады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
М дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
Тілдік мақсат: Тəрбиеленушілер:
Сурет бойынша сөйлем құрастырады. М əрпін ұқсатып заттарды табады.
ҰОҚ - дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Балалар суреттегі қай баланың қылығы ұнайды?
Өткен ҰОҚ - дан алған білім Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0 – 2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3 – 5 мин.
Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын!
Бейсенбінің күні,
сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Педагог айнаны көрсетіп, балаларға сұрақ қояды.
Балалар біз айнаны не үшін қолданамыз?
Ал айнаға қарап өзімізді қарайықшы!
Балалар айнаға қарап шаштарын, киімдерін түзетеді. Айнаға күлімсіреп қарайды. Əдемілік туралы əңгімелеседі.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,
№1қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Үмбеталина Гүлсім Жансұлтанқызы
Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі. жүктеу
Ойын жəне мінез. М дыбысы мен əрпі
Сауат ашу пәні бойынша өткізген сабағы.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз590 қаралым
#ойын жəне мінез#м дыбысы мен əрпі#сауат ашу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

