Математика және физика пәнінің мұғалімі
Губашева Зоя Серіккалиевна
Ойлайық та, ойнайық
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ойлау қабілетін арттыру. Оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
• Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9 - шы)
• Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді (диаметр)
• 640 саны 5 - ке бөліне ме? 640: 5=128
• 1 км – де неше метр бар? (1000м)
• Аспан денелерінің ішінде ай үлкен бе. Жер үлкен бе? (жер)
• Алымы бөлімінен кіші бөлшек (Дұрыс бөлшек)
• 1 сағатта неше минут бар? (60 секунд)
• Шеңбердің бойындағы кез - келген нүктені центрмен қосатын кесінді. (радиус)
• Ортақ бөлгіші 2 - ге тең сан. (өзара жай сан)
• Жердің күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт. (жыл)
• Жердің ауа қабаты қалай аталады? ( атмосфера)
• Натурал сандар нешеден басталады? (1 - ден)
• 1тәулікте неше сағат бар? (24)
• Нәрселерді санауда қолданылатын сандар (натурал)
• Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
• 369 саны 3 - ке бөліне ме?(ия)
• Қай айда 28күн бар (барлық)
• 2адам шахматты 2сағат ойнады. Әрқайсысы қанша уақыттан ойнады? ( 2 сағаттан)
• Шығыстан батысқа қарай 60км/сағ жылдамдықпен электропойыз келеді. Сол бағытта 50км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытта болды?(электропойыздың түтіні болмайды)
• 2 - ден үлкен, 3 - тен кіші сан шығу үшін екі 2 - нің арасына қандай таңба қою керек?(2, 2)
• Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
• №1, №2,№3 пәтерлерде үш мысық тұрады. Олар; ақ мысық, қара мысық, және ала мысық. №1 және №2пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Әр мысық қай пәтерде тұрады? (№3 қара мысық, №2 мысық, №1 ала мысық)
Математика тарихынан сұрақтар:
• Ең бірінші геометрия оқулығы « Негіздер» деп аталады, оның авторы кім?(ежелгі грек математигі)
Жауабы: б. ғ. д. өмір сүрген Евклид
• Ең бірінші « Арифметика» оқулығының авторы кім?
Жауабы: Магницкий Леонтий Филипович
• Бұрышты градуспен өлшеу бірлігі қай елде пайда болды?
Жауабы: Вавилонда бұден 3000мың жылдан астам бұрын.
• Математикаға қазіргі қолданып жүрген көптеген ұғымдар мен символдарды енгізген кім?
Жауабы: Неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц.
• Ондық бөлшекті қашан кімдер ашты?
Жауабы: Ондық бөлшекті әуелі ХV ғасырда математик әл – Кәши, содан кейін ХVI ғасырда Симон Стевин ашты.
• Алғаш рет алгебраны арифметикадан бөліп алған, оны өз алдына жеке пән ретінде қарастырған Орта Азия математигі кім?
Жауабы: Мұхамед Бен Мұса әл - Хорезми.
• Ертеде қазақта қолданған ұзындық өлшемдері.
Жауабы: Қарыс, сүйем
• Ертеде нөлді қалай атаған? Жауабы: Сан. (Цифр)
Ойлайық та, ойнайық
Математика және физика пәнінің мұғалімі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз514 қаралым
#ұстаздарға арналған#математикалық сұрақтар жауабымен
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

