Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өз қабілеттеріңді шыңда
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санасында адам өз бойындағы мүмкіндіктерін бала күннен дамытуы тиіс деген түсінік қалыптастыру. Табиғат дарыған үздік қабілеттерін аша білу
Міндеттері: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, ойларын жеткізе алу
Әдіс - тәсілі:
Психологиялық дайындық, миды шынықтыру, Топтастыру, Джиксо әдісі, талдау әдісі, конверт сұрақ
Көрнекіліктер: планшет, ұялы телефон, ноубуг, маркер, бағалау парағы, смайлики, оқулық, дәптер,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал туғызу:
Күліп өмір сүрейік,
Кел балалар күлейік.
Қабақ түйген не керек?
Қалай ойлайсыңдар?
Конвертте не бар?
Конверттегі сұрақ арқылы үй тапсырмасы тексеріледі
ІІ. Негізгі бөлім: Миды шынықтыру:
- Мектепте қандай мүмкіндіктер пайда болып, дамиды?
- Бұл мүмкіндіктердің дамуына не ықпал етеді?
Интербелсенді тақтамен жұмыс Топтастыру әдісі:
- "Қабілет" сөзін топтастыру
- Балалар қалауы бойынша және қабілеттеріне қарай топтарға бөлу.
Дүниетану 3 сынып (Алматыкітап) оқулықтағы 118 беттегі «Өз қабілеттеріңді шыңда» Джиксо - әдісі бойынша мәтінді азат жолына бөліп топпен талдап жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау, оқуға деген жауапкершілігін арттырады бір сәт мұғалім ретінде сезінеді. Мәтіннің мағынасын ашу мақсатында, әр топқа сұрақтар береміз.
Оқулықтағы 4 сұрақты мұғалім әр топқа ұсынады
1 - топ Адамның қандай қабілеттері болады?
2 - топ: Мектепте өз қабілетіңді дамытудың қандай жолы бар?
3 - топ: Балалар үйірмеде немен айналысады?
4 - топ: Оқушылар сарайында қандай үйірмелер бар?
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету үшін, жоғарғы деңгейлі сұрақтар қоямын:
Әр топ планшет, ұялы телефон, ноутбук арқылы «Қытай балетін» көрсету.
- бұл фильмді неге көрсетті деп ойлайсыңдар?
- Осы тақырыпқа қандай байланысы бар?
- сен болашақта қандай іспен шұғылданғың келеді?
- Қандай мамандық таңдайсың, сені несімен қызықтырады? Оқушылардың ойларын түйіндеу мақсатымен келесі тапсырманы:
Қабілет сөзіне әр топ кластер жасау.
ІІІ. Қорытынды:
Оқушылардың сабақ мақсатын қалай түсінгенін тексеру мақсатымен стикерлер толтыруды ұсынамын
- Түсіндім
- түсінгендей болдым, түсінбедім
- әдісі арқылы
ІҮ. Үйге тапсырма:
1. Шығарма жазу «Болашақта кім болғың келеді?»
2. Мәтінді оқу, мазмұндау
3. Қандай байқауларға қатысқың келеді?
Өз қабілеттеріңді шыңда
Сабақтың тақырыбы: Өз қабілеттеріңді шыңда
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз443 қаралым
#ашық сабақ 3 сынып дүниетану#қабілетті шыңдау туралы
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

