ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынылып отырған әдістемелік - оқу құралы жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани - адамгершілік білім беру жүйесінде өзін - өзі тану пәніне қосалқы құрал болу арқылы арқылы жүзеге асады. Әр оқушының ішкі жан - дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді. Оқу - әдістемелік құрал оқушылардың қоғамға және өз - өзіне қызмет етуіне бағытталуын, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік береді
Мақсатымыз
• Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу, оны жеке тұлға ретінде, іс - әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым - қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыру;
• Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіру
Қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтау
Өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу
Оқушының өзін қоршаған әлемді танып білу
Рухани жан дүниесін байыту.
Оқыту материалдарының мазмұны:
1. Ұлағатты сөздер.
2. Мақал - мәтелдер.
3. Сен де ойыңды қос балақай
4. Өлеңдер
5. Ұлттық ойындар
6. Суретпен жұмыс
7. Тапсырмалар
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

