Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер!
24 сабақ
Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а\ Өтілген материалдарды қайталай отырып, өз ойларын қорытындылай білуге үйрету.
ә\ Білім алуға, алған білімдерін ұштастыра білуге тәрбиелеу.
б\ Сабаққа деген қызығушылығын ояту, ойларын дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
- Біз қандай тараумен таныстық?
- Өтілге бөлімде қандай тақырыптармен таныстыңдар?
Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Шаңын қағамыз» (бір реткі үрлеуде «шаңды» - ф - ф - ф үрлейміз).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Осы сипатты кейіпкерді тараудағы қай шығармадан оқыдың,
1) Тәкаппар
2) Шыншыл
3) Батыл
4) Білімді бала
5) Өнерлі әке
2. Мына мақалды толықтырып жаз
Қарты бар үйдің -........
Күлме досқа,.......
3. Шындық сөзіне қарама - қарсы мағынадағы сөздерді тап.
Сол сөздерге байланысты мақал - мәтелдер тауып жаз.
4. Жақсы және жаман сөздеріндегі әріптерден басталатын өзің білетін ұнамды - ұнамсыз мінез - құлықтарды дәптеріңе топтап жаз.
жомарт жалқау
а....... а........
қ....... м........
с........ а........
ы......... н........
5. Қайсысы оңай? Қайсысы қиын? Дәлелде.
а) Табиғатты бүлдіру.
б) Бүлдірген табиғатты қалпына келтіру.
6. Қайсысы дұрыс?
а) Өлеңді ақын жазады.
ә) Өлеңді әнші жазады.
б) Өлеңді жазушы жазады.
Сергіту сәті. Ермексазды қолданып қолдың буындарына массаж жасау.
IV. Сабақты бекіту.
Осы тарау бойынша оқыған мәтіндердің қайсысы ұнады? Неліктен ұнады?
V. Үйге тапсырма
«Әдептілік - мәдениеттілік белгісі»тақырыбына шығарма жазу.
VI. Бағалау.
Өзіңді тексер!
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер!
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз559 қаралым
#күнделікті сабақ жоспары#әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары#өзіңді тексер
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

