Пәкістанның Дера-Исмаил-Хан қаласында жол бойындағы полиция бақылау-өткізу бекетінің жанында жарылыс болды. Жергілікті полицияның мәліметінше, кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 30 адам жарақат алды. Болған оқиға ықтимал теракт ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Полиция бастығы Сафдар Балочтың айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көбісі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері: офицерлер, кеден және орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері. Қаза тапқандардың екеуі — қарапайым жүргіншілер.
Алдын ала болжам бойынша, бақылау-өткізу бекетіне жарылғыш зат тиелген көлік соғылған. Куәгерлер жарылыс алдында атыс дыбыстары естілгенін айтады.
Әзірге ешбір топ ықтимал теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, алайда күдік ТТП (Техрик-и-Талибан Пәкістан) аббревиатурасымен белгілі пәкістандық талибтерге түсті.


