Исламабадтағы Пәкістан медицина ғылымдары институтының (PIMS) неонаталдық бөлімшесінде болған қатты өрт 15 нәрестенің өмірін қиды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, өрт таңертең кондиционер компрессоры жарылғаннан кейін басталған. Қайғылы оқиға салдарынан 15 нәресте қаза тауып, тек біреуін ғана аман алып қалу мүмкін болды.

Өрт сөндірілді, алайда құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. Өрттің себептерін анықтау үшін тергеу комиссиясы құрылды.