21-23 тамыз аралығында Алматыдағы Первомай тоғандары аумағында Park Live Almaty фестивалі өтіп, үш күнде 60 мың келушіні жинады. Көрермендер шетелдік және қазақстандық әртістердің өнерін тамашалауға келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Фестивальдің хедлайнерлері — америкалық рок-музыкант Джек Уайт, британдық Gorillaz тобы және панк-рокерлер The Offspring. Сондай-ақ сахнада The Kills, Bloodywood, CeeLo Green, De La Soul, Glassjaw, Dequine, Dirty Ctrl, Pigz, Kezeñ және ресейлік «Порез на собаке» тобы өнер көрсетті.
Фестивальдің бас серіктесі — Freedom холдингі. Компания алаңында квест, музыкалық баттл, серф-родео, VR-ойын және басқа да ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Келушілер Freedom SuperApp сервистерімен де таныса алды.
Үш күн бойы бір алаңда әртүрлі жанр мен ұрпақ өкілдері бас қосты. Әсіресе 22 тамыздағы Gorillaz концерті көрерменді көп жинады: бұл күні Первомай тоғандары фестивальге келген ондаған мың адамға толы болды.
Алайда мұндай ауқымның кері жағы да бар екенін атап өткен жөн. 60 мың адам — бұл Алматы маңында тиісті инфрақұрылымы бар жеке алаңды қажет ететін көлем. Первомай тоғандары мұндай жаппай іс-шараларға арналмағаны анық. Фестиваль кезінде қонақтар кептеліс, такси бағасының қымбаттығы, көлік тапшылығы, кіру мен шығудың қиындығына шағымданды.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Park Live қонақтары көлік қоятын орын іздеп жүргенде, жергілікті тұрғындар көлік ағынынан ақша табуды ұйғарғанын жазған.


