Солтүстік Кипр жағалауында 279 жолаушысы бар паром апатқа ұшырады. Кеме аударылып, суға батты, қаза тапқандар бар деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға Гирне қаласының жағалауынан 2–2,5 шақырым жерде болды. Кеме капитанының айтуынша, паром суға тола бастап, аударылған. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына жақын жерде болған катерлер зардап шеккендерге көмекке келді.

Мойындалмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының билігі бортындағылар арасында бірнеше құрбан болғанын мәлімдеді.