Павлодар облысында Жеңіс күні қарсаңында 4 мыңға жуық адам біржолғы жәрдемақы алады, деп хабарлайды infohub.kz.

Қазіргі таңда өңірде Ұлы Отан соғысының 7 қатысушысы ғана тұрады (бір жыл бұрын 11 болған). Оларға 2 миллион теңгеден беріледі — бұл сома өткен жылғы деңгейде.

Сонымен қатар, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген 3,8 мыңнан астам адамға және тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 350 миллион теңге біржолғы жәрдемақы төленеді. Төлемдер 10-нан 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерде болады, деді жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әлмира Дісүпова.

Өткен жылы Павлодар облысында ардагерлерге үйлерінің алдында мереке ұйымдастырылды: терезе астында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды, қарт адамдарды шаршатпау үшін.