Павлодар әуежайы ұшу-қону жолағын қайта құру аяқталған соң штаттық режимге оралды. Жөндеуден кейінгі алғашқы рейс Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша орындалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қайта құру барысында ұшу-қону жолағы жаңартылып қана қоймай, ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Бұл әуежайға заманауи әуе кемелерін қабылдауға және ұшу қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша субсидияланатын рейстер іске қосылды. Оларды аптасына төрт рет Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясы орындайды. «Бір бағыттағы билет құны 15 мың теңгені құрайды», — деп нақтылады ведомствода. Бұл бағытқа билет сату тамыз айының бірінші жартысында басталды.

1 қыркүйектен бастап коммерциялық рейстерді қайта жандандыру жоспарлануда. FlyArystan Павлодар – Алматы – Павлодар бағыты бойынша күн сайын ұшады. Сол күні «Сибирь» әуекомпаниясы Павлодардан Новосибирскіге халықаралық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына жеті рет орындалады.

Еске салайық, Павлодар әуежайы 2025 жылдың 1 сәуірінде қайта құруға жабылған болатын. Осы кезеңнен бастап барлық рейстер тоқтатылған еді.

Бұған дейін «Курсив» Арқалық әуежайы құрылысты және сертификаттаудың барлық қажетті рәсімдерін аяқтағанын жазған болатын. Алғашқы рейсті 22 тамызда қабылдау жоспарлануда.