КТК телеарнасының сайты хабарлағандай, Павлодар облысына қатты дауыл соғып, төрт ауылды жарықсыз қалдырды. Стихия шатырларды жұлып, ағаштарды құлатты және электр желілерін үзіп тастады.
Успенск ауылдық округінде дауыл күндіз аспан ашық тұрғанда соқты. Жергілікті тұрғындар үлкен құйынды көріп, оны торнадомен салыстырды.
Қоңыр Өзек ауылында бірнеше минут ішінде 12 үйдің және жергілікті клубтың шатыры ұшып кетті. Төрт ауыл толығымен жарықсыз қалды. Оқиға орнына авариялық бригадалар шығып, электр желілерін жедел түрде қалпына келтірді.
Қираған жерлердің нақты көлемі әлі есептеліп жатыр.


