Павлодар маңында жергілікті балықшы күтпеген жерден ежелгі қорымды тауып алды. Онда адам қаңқасы мен қыш ыдыстар болған. Археологтар мұның жасын шамамен 4 мың жыл деп анықтап, жерленген адам кен өндіру және өңдеумен айналысқан шебер болған деп есептейді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл табылым ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырды. Археологиялық зерттеулер институтының қызметкерлері қорғау-құтқару қазба жұмыстарын жүргізді. Қорымнан ерте қола дәуірінің еңбек құралдары: кварцит кетпендер мен жылтыратылған тас балта табылды.
Археологтардың айтуынша, ежелгі уақытта қайтыс болған адамның қасына оның кәсібіне байланысты заттар қойылған. Бұл табылымдар жерленген адамның кен өндіру және өңдеумен айналысқанын көрсетеді.
«Біз кетпендерді көріп отырмыз – олар бір нәрсені қазуға арналған, ұсақтау құралын көріп отырмыз – мысалы, кенді ұсақтау үшін, және жылтыратылған тас балтаны көріп отырмыз. Бұл адамның металды құю және өңдеумен тікелей айналысқанын көрсетеді», – дейді археологиялық қорлардың бас сақтаушысы Елена Тушева.
Археологтардың сөзіне қарағанда, бұл жерлеу Ертіс өңірінде металлургия өндірісінің пайда болу кезеңіне жатады.
Бұған дейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары Әулиекөл ауданынан неолит дәуіріне (б.з.д. VII–V мыңжылдық) жататын үш жерлеу орнын тапқаны хабарланған болатын.


