Павлодар облысында Lexus RX 330 көлігінің жүргізушісі өзіндік рекорд орнатты: жыл басынан бері ол жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркейтін жүйелердің назарына 14 рет түсті. Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде елемегені үшін ер адам жауапкершілікке тартылды, енді көлік иесіне үлкен мөлшердегі айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жыл басынан бері өңірде жылдамдық режимін бұзудың 133 мыңға жуық фактісі жолы кесілді. Бұзушыларды анықтауға ZEREK 2 жүйесі, «Кибер-шериф» аппараттық-бағдарламалық кешені және Ekin Patrol G2 көмектеседі.

Дәл осы техникалық құралдардың нысанасына Lexus RX 330 жүргізушісі де ілікті — жылдам жүріс оған бірнеше мәрте айыппұл әкелді.

Полицияда атап өткендей, жылдам жүруді ұнататындардың басты сылтауы әдетте қарапайым асығыстық болып шығады. «Жүргізушілер асығып, межелі жерге тезірек жету үшін әр минутты үнемдеуге тырысады. Бірақ есте болсын: үнемделген бірнеше минут өз өміріңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірін қатерге тігуге әсте тұрмайды», — деп үндеді Павлодар облысы Полиция департаментінде.