Павлодар облысында балықшы археологтарға бірегей жаңалық ашуға көмектесті: ол шамамен 4 мың жылдық жерлеу орнын тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
КТК телеарнасының мәліметінше, Павлодар қаласының маңындағы құм карьерінде жергілікті балықшы адам сүйегін тауып, археологтарды шақырған. Ғалымдар бұл ерте қола дәуіріне тән жерлеу екенін анықтады. Ежелгі адаммен бірге еңбек құралдары: кварцит кетпен, тас ұсатқыш және жылтыратылған балта — кенді ұсақтау және металды өңдеу үшін қолданылған. Бұл артефактілер 4 мың жыл бұрын жергілікті тұрғындардың белсенді өмір сүргенін және алғашқы металлургтер болғанын көрсетеді.
Орнынан от іздері де табылды, олар алғашқы балқыту пештері болуы мүмкін. Адамдар мыңдаған жыл бұрын қалай өмір сүргенін қазір заманауи технологиялар арқылы зерттеуде. А. Марғұлан атындағы ППУ жанындағы Археологиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Елена Тушева: «Ол жерде керамика, көмір кездеседі, яғни бұл аумақ тас дәуірінен, кейінгі тас дәуірінен бастап адамдар мекендеген. Біздегі микроскоптардың көмегімен олардың металды өңдеген-өңдемегенін, қандай металды, қандай операцияларда қолданғанын нақты айта аламыз. Біз топырақ алдық, климатты қалпына келтіру үшін зерттеу жүргіземіз», — деді.


