Павлодар облысында қатты найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге нөсер жаңбыр жауды. Соның салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Павлодарда найзағай кезінде 1993 жылы туған ер адамға ағаш бұтағы құлады. Зардап шеккен басынан жарақат алды. Оны №1 қалалық ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Одан әрі емделуді амбулаториялық жағдайда жалғастырады.

Тағы бір шақырту Құдайкөл ауылынан түскен. Онда бірден бес адамға медициналық көмек қажет болды. 2007 жылы туған қыз оң білегі мен қолынан көгеріп, сызат алды, 1979 жылы туған ер адам оң қолынан сызат алды. Тағы үш жасөспірім көгеріп, сызаттанған. Тексеруден кейін дәрігерлер зардап шеккендердің ешқайсысын ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді.