Павлодарлық педагог мамандығы бойынша мемлекеттік грантта оқыған студентка оқу ақысын қайтарды, дегенмен сот оны айыппұл төлеуден босатты. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлады.
Бұл іс Павлодар облыстық сотының апелляциялық сатысында «Қаржы орталығы» АҚ-ның азаматша Т-ға қатысты талабы бойынша қаралды. Қыз педагогикалық мамандық бойынша диплом алып, кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесіне қол қойды. Оқуды бітіргеннен кейін оны Жұмыспен қамту орталығына жіберді, бірақ ол міндеттемесін орындамады.
Нәтижесінде одан 1 773 200 теңге көлеміндегі оқу шығыны өндірілді, ал айыппұл өндіруден сот бас тартты. Сот алқасы шығындарды өтеу талабын заңды деп санады, себебі жұмыс істеу міндеттемесі орындалмаған және одан босатуға негіз жоқ. Сонымен қатар, айыппұлдан бас тартуды заңды деп тапты, өйткені келісімшартта да, заңнамада да мұндай міндеттеме қарастырылмаған.


