Павлодарда жас ана биіктіктен құлаған мұз кесегінен бас жарақатын алды. Ол баласын арбамен серуендетіп жүрген кезде оқиға болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Kerek.pv Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 8 шілдеде Назарбаев даңғылындағы үйдің маңында болған. Жарияланған видеодан зардап шеккен әйелдің басындағы жараны тігуге тура келгені көрінеді. Туыстарының айтуынша, кінәлі әлі табылмаған, олар терезеден мұз тастаған адамды өз бетінше іздеп жүр. Жарияланым авторлары мұз кесегінің құлаған пәтері полиция қызметкерлерінің бірінің туыстарына тиесілі болуы мүмкін екенін де мәлімдеді.

Павлодар облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді: «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, зерделеді, куәгерлерден сұрастырылды, сондай-ақ басқа да қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Бейнежазбада заттың зардап шеккен әйелге құлаған сәті тіркелген».

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, оқиғаға қатысы бар адамды анықтауда. Тергеу өңірлік полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.