Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№ 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушылар пайдалы қазбалар түрлерін топқа бөле отырып, олар туралы білім - түсініктерін кеңейтеді;
2. Пайдалы қазбаларды қолдану аясына негіздеме дайындайды:
3. Оқушылар Отанын, туған өлкесін сүюге, мақтан етуге, елінің патриоты болуға тәрбиеленеді;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, пайдалы қазбалар, суреттер, семантикалық карта;
Сабақтың жүрісі:
1. Психологиялық икем.
- Балалар, бүгінгі күннің жадын кім айтады? 1 - ақпан 2012ж, сәрсенбі
- Ауа райының температурасы қандай?
- Өте жақсы. Олай болса, дүниетану сабағын бастайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері. Сабағымыздың мақсаттары: пайдалы қазбалардың түрлерін топқа бөле отырып, олар туралы білім - түсініктерімізді кеңейтеміз.
2. Өткенді пысықтау:
Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы туралы 1 - 2 мысал келтір.
Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары қажет?
Транспорттар, фабрика, зауыттар жұмыс істеуі үшін қандай пайдалы қазбалар жұмсалады?
Адамдар металды қайдан алады?
Олай болса, пайдалы қазбалар дегеніміз не?
3. Тірек білім, дағдының өзектілігі.
Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Даусы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді. (ұшақ)
Қара кілем бар жайлы,
Жақын етер шалғайды.
Ол қала мен қаланы
Ел мен елді жалғайды.(асфальт жолы)
Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген.( газ)
Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады: (тіс пастасы)
- Балалар, ұшақтың, асфальт жолының, газдың, тіс пастасының бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?
Дұрыс айтасыңдар, бұлардың бәрі пайдалы қазбаларды өңдеудің нәтижесінде алынады немесе жасалады.
4. Жаңа сабақ.
Пайдалы қазбалар негізгі үш топқа бөлінеді.
Жанғыш пайдалы қазбалар. Кенді пайдалы қазбалар. Кенсіз пайдалы қазбалар.
(Слайдтармен түсіндіру)
Бекіту.
Мәтінді оқу.
Суреттермен жұмыс. Заттар қандай қазбадан жасалған? Тағы қандай заттармен суреттерді толықтырар едің? (пластилин, кір жуатын ұнтақ, тіс пастасы)
2 - суретке фильтр, сағат шынысы, қарындаш, ермексаз)
3 - суретке пойыздар, машиналар, шеге, кілттер)
Таблицаны толтыру:
Менделеев таблицасы
Қазақстан картасымен жұмыс
Қорыту. 5 жолды өлең.
Мұнай
Сұйық, жанғыш
Өңдейді, бұрғылайды, атқылайды.
Мұнай – қызулы отын.
Қара алтын
Тас көмір
Тығыз, жанғыш
Қазады, шахтада өндіреді.
Қарағанды - тас көмірдің ірі кен орны.
Қара алтын.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз798 қаралым
#бастауыш#дүниетану 3 сынып#пайдалы қазбалар
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

