Испания премьер-министрі Педро Санчес X әлеуметтік желісінде Еуропалық одақ туының «жаңа нұсқасын» жариялады: ондағы 12 алтын жұлдыздың қасына Канаданы білдіретін қызыл үйеңкі жапырағы орналастырылған. Испан премьері осы әрекетімен Канадаға ЕО-ның алғашқы ассоциацияланған мүшесі болу ұсынылғанын меңзеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Санчес жазбасына ешқандай мәтіндік түсініктеме қоспаған.

Еске салайық, бір күн бұрын Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канадаға Еуроодақтың алғашқы ассоциацияланған мүшесі болуды ұсынған еді.

Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп ЕО-ның Канадамен әріптестігі Америка Құрама Штаттарына қауіп төндірсе, АҚШ Еуроодақпен сауданы тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тамыз айының соңында Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ-қа қарсы «долларға доллар» мөлшерінде қарсы баж салығын енгізетінін айтқан болатын.

Бұған жауап ретінде Дональд Трамп Канаданың саясатын сәтсіз деп атап, ел басшылығын, оның ішінде премьер-министр Марк Карни мен Онтарио провинциясының премьері Даг Фордты құзыретсіз деп бағалады.