Химиядан сыныптан тыс жұмыс
Периодтық жүйе элементтерімен танысу
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесіндегі элементтерімен танысамыз. Сабақта белсенділік көрсетіңдер, сәттілік тілеймін.
«Периодтық жүйеге арнау» өлеңі оқылады:
Элементтерді жүйелерге әркімдер – ақ еңбек еткен,
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан
Тігінен сегіз топқа арна ашқан
Толтырып сол арнаның бос орынын
Бұл күнде бар элемент 100 - ден асқан
Жүрмейсің мұны біліп қате басып
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып
Бар элемент таңбасы осында тұр
Сап құрап массаға сай қатарласып
Әрбір топ өз алдында бір – бір дастан
Ғылымның дамуына үлес қосқан
Алпыс үш элементтің сырын біліп
Кейбірін Менделеев болжап ашқан
Период басталады металдардан
Инертті 6 газбен аяқталған
Жетінші период та бітпес келген
Бұл күнде аяқтауға таяп қалған
Период заңыменен құрған қатар
Біріншіден бейметалдық топқа жатар
Кішіге, үлкенге де, бітпегенге
Период осы заңын қайталатар
Әрбір топ басы жеңіл элементтен
Массасы артқан сайын төмен кеткен
Төмендеп тұрғандары жоғарыдан
Металдық қасиетін басып өткен
Кестеден түрлі түстер көрінеді
Бәрі де деңгейге сай өріледі
Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас
Заңдылық зарядтармен бөлінеді
Данышпан жолмен жүріп алдындағы
Белгілі сан ғылымның ашылғаны
Ілімнің білу үшін сырын жетік
Үйрен сен валенттілік формуланы
І. Химиялық элементтер айтысы:
Жүргізуші:
Химиктердің ауылында
Арнаулы бір кеште
Химияның тойы болды
Алтын ойын басқарыпты
Элементтер қауымында
Менделеев кестесінде
Ән, күй, айтыс, ойын болды
Қызық айтыс басталыпты.
Платина:
Өзгелердің бәрінен
Айтысқа шық, қорғасын - ау
Нағыз жылтыр қатты затпын
Артық сөзбен қызба бірақ
Орным бірақ кеш қойылып
Алдыма сен орнапсың – ау
Сол көңілімен қатты батты
Шаршап біттім қызғанып – ақ
Қорғасын:
Қорғасынға тіл тигізген
Жауына да бас игізген
Іші тарлар қайдан шықты?
Бола қоймас мендей мықты
Өжеттенген қахарманмын
Айтысуға құқылымын
Тоғызыншы қатарданмын
Абырой жоқ егесуден
Алға қой деп қасармаймын
Жөні емес бұл құтылудың
Платина, мұның болмас
Артық атақ сұрағаның
Платина:
Сүйрік тілді элемент көп
Сүйінетін кіл отына
Жеңіл ойлық мен емес, тек
Жеңілмейді платина
Периодтық жүйе элементтерімен танысу. жүктеу
Периодтық жүйе элементтерімен танысу
Химиядан сыныптан тыс жұмыс
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз518 қаралым
#периодтық жүйе элементтерімен танысу#менделеевтің химиялық элементтері#химиядан сыныптан тыс жұмыс
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

