Петропавлда ірі коммуналдық апат салдарынан 40 көпқабатты тұрғын үй мен бірқатар бизнес нысандары, соның ішінде кейбір сауда-ойын-сауық орталықтары сусыз қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Апат 40 көпқабатты тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандарын, оның ішінде жекелеген СОО-ларды қамтыды. Жер астынан атылған суға байланысты коммуналдық қызметкерлер қаланың маңызды артериясы болып табылатын бүкіл магистральді дереу өшіруге мәжілір болды.
Зақымдалған учаскені іздеуге он сағаттан астам уақыт кетті. Жұмысты апаттың қалың асфальт қабатының астында, бес метр тереңдікте болуы қиындатты.
24 қыркүйекте сумен жабдықтау қалпына келтірілді — қала тұрғындары уақытша басқа магистральге қосылды. Жөндеу бригадалары апат орнында жұмысын жалғастыруда.
90 сантиметрлік құбырдың жарылғаны анықталды, оның жасы шамамен 40 жыл. Ағуды жақын тәулік ішінде жоюға уәде берілді.
«Қазір кейбіреулерде үзілістер болуы мүмкін, өйткені біз әрі қарай жапқыш арматурамен манипуляцияларды жалғастырамыз. Сондықтан кейбір жерлерде үзілістер болуы мүмкін. Петропавл қаласының тұрғындарынан, дәл осы ауданның тұрғындарынан түсіністік танытуларын сұраймын. Сәл шыдамдылық, өйткені осындай үлкен мәселені мүлдем өшірусіз шеше алмаймыз», — деді «Қызылжар Су» ЖШС бас инженері Андрей Фомиченко.


