Петропавл ботаникалық бағында күтпеген мәселе туындады: мекеме қызметкерлері қорғалатын аумаққа есірткі жеткізушілер мен олардың клиенттерінің нағыз қажылық жасап жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бақ қызметкерлері мұнда келетін, бірақ таңғажайып өсімдіктерге де, сирек кездесетін жануарлар мен құстарға да мүлде қызықпайтын бейтаныс адамдардың легін байқаған. Олардың айтуынша, қара киімді адамдар жерге бірдеңе салып кетеді, ал басқалары соңынан іздейді.

Оқиға орнына келген полицейлер күдікті сәлемдемені тапты. Оның ішіндегі зат сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, биыл ботаникалық баққа көптен күткен ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді. Енді мұнда қауіпсіздікті ұйымдастыру жоспарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

«Бұл камералар өсімдіктерге кедергі жасамауы керек. Яғни, мына бұтақ кедергі болып тұр, камера жақсырақ көруі үшін кесіп тастайық деп айту мүмкін емес. Мұнда ғылыми тұрғыдан келу қажет», — деп түсіндірді мекеме директоры Артур Рязапов.