Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлға аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында 25 жастағы шетелдік азамат ұсталды. Тінту кезінде оның сөмкесінен кроссовкалар алынып, ішінен 250 грамм синтетикалық есірткі a-PvP табылып, тәркіленді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, шетелдік Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеген — құрылыста, сондай-ақ самса пісірумен айналысқан. Алайда полиция дерегінше, шамамен бір апта бұрын ол психотроптық заттарды сататын интернет-дүкендердің біріне «жұмысқа тұрған».

«Ұсталған адамның айтуынша, ол синтетикалық есірткінің партиясын Астанадағы "тайниктен" алып, Петропавлға жеткізіп, оны қаптап, кейін "закладкалар" арқылы таратуды жоспарлаған», — деді Ішкі істер министрлігінде.

Қазіргі таңда ер адам қамауда отыр. Есірткіні аса ірі көлемде сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.