Петропавлда полиция қызметкерлері 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде көлік жүргізген. Ер адамның айтуынша, оны ішімдік ішуге отбасылық мәселелер мәжбүрлеген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат бір жарым шамасында Батыр Баян көшесінде болған. Петропавл көшелеріндегі рейд барысында тәртіп сақшылары тосын қылық танытқан кроссоверге назар аударған: ол жанармай құю станциясында тоқтап, қозғалтқышын бірнеше рет өшіріп, қайтадан іске қосқан.

Тексеру кезінде 43 жастағы қала тұрғыны алкогольдік масаң күйде болғаны және аяғында әрең тұрғаны анықталды. Ер адам өз жағдайын отбасылық мәселелерге байланысты ішімдік ішумен түсіндірді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде құқық бұзушының сол күйінде жол-көлік оқиғасының болу ықтималдығы өте жоғары болғанын атап өтті.

Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.