Петропавлда ерекше жол оқиғасы болды: қыз сүйісуден бас тартып, жүріп келе жатқан көліктен секіріп түсіп, басқа машинаның дөңгелегінің астына қалды. Құдайға шүкір, ауыр зардапсыз құтылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 18 қазанда сағат 23:35 шамасында Петропавлда Volkswagen көлігінің жүргізушісі Қараванная мен Украинская көшелерінің қиылысында жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 22 жастағы зардап шеккен қызды ауруханаға жеткізді, алайда медициналық көмек көрсетілген соң оны үйіне жіберді. Осы факті бойынша полиция тексеру бастады.
69 жастағы Volkswagen жүргізушісінің мас болмағаны, ал көліктің арнайы тұраққа қойылғаны атап өтілді.
Полицейлерге сұрақ кезінде зардап шеккен қыз Семейден Петропавлға бір ер адамға келіп, пәтер жалдағанын түсіндірді. Қала ішінде көлікпен жүріп келе жатқанда ол қызды сүйгісі келді, бірақ қыз алдыңғы тістерінің жоқтығынан ұялып, көліктен секіріп түсіп кетті. Содан кейін оның үстінен Volkswagen басып кетті. Қыздың ешкімге шағымы жоқ. Болған оқиғадан кейін ол пәтерді тапсырып, Көкшетауға кетті.


