Сабақ тақырыбы: Пейзаж және портрет жанрлары
Сабақ мақсаты: Б. Оқушыларға табиғаттың әсем мезгілдері мың құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу. Дала табиғатын бейнелеуге үйрету Портрет жанры туралы түсінік беру.
Д. Оқушылардың преспективалық ұғымын акварель және түрлі - түсті карандаштармен жұмыс істеу қабілеттерін артыру.
Т. Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға елін, жерін сүюге, оны қорғауға тарбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Әдіс: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық жұмыс.
Пән аралық байланысы: биология, қазақ әдебиеті.
Көрнекілігі: фотослайд, түрлі - түсті бояулар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталауға сұрақтар.
Ой қозғау: сұрақ жауап ойны
1 - Бейнелеу өнері түрлерін ата?
2 - Мүсін қанша топқа бөлінеді.
3 - Сәулет өнері дегеніміз не?
4 - Құрылыстар салу өнері?
5 - Өлі табиғат ұғымын білдіретін жаныр?
6 - Кеуделік мүсін?
7 - Ақ қара штрихтармен салынған сүрет?
8 - Суға тез еритін бояудың түрі?
9 - Хайуанаттармен жан - жануарлармен бейнелетін шығарма?
Жаңа материалды меңгеру.
Бейнелеу өнері жанрларымен қысқаша таныстыру.
1. Натюрморт
2. Пейзаж
3. Портрет
4. Тарихий
5. Анималистік
6. Моренистік т. б
Пейзаж және портрет жайлы мағлұмат беру.
Бейне таспаға көңіл аудару.
Бізді қоршаған айнала, жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана емес, адамға әсер ететін құдіретті күш. Сондықтанда көп сүретшілер пейзаж жанрларына өз шығармаларын арнаған. Ел басы Н. Ә. Назарбаев «Жасыл ел» бағдарламасында енгізілген « Бір тал кессең, он тал ек» деген. Олай болса туған жердің әсем табиғатын аялап қорғау әрбір азаматтың борышы.
Сергіту сәті:
Түрлі - түсті келбетті,
Қандай әсем жер беті!
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары.
Жасыл жайлау оманы..
Қандай әсем жер беті - деп практикалық кезеңіне өтейік. Пейзаж жанрына сүрет салу барысында оқушылардың сүреттерін бақылау. Бояумен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Қорытындылау:
1. Оқушылардың салған сүреттері бойынша көрме.
2. Сүреттерінің жетістіктерін, кемшіліктерін көрсету.
Бағалау:
Сабақты бекіту: Жаңа материалдар бойынша сұрақтар.
1. Пейзаж жанры дегеніміз не?
2. Пейзаж жанры бойынша кімдердің шығармаларын білесіңдер?
Үйге тапсырма беру: Досының портретін салу.
Пейзаж және портрет жанрлары
Сабақ тақырыбы: Пейзаж және портрет жанрлары
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз484 қаралым
#сабақ жоспары#бейнелеу өнері#пейзаж және портрет жанрлары
Ұсынылады
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Құлсары балалар өнер мектебінің мұғалімі
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Адам кейіпін (портреттін) бейнелеудің әдіс-тәсілдері (сабақ)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Арнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар
Перспектива пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарАрнайы сызу пәні бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар1 - бөлім. Арнайы сызумен таныстыру және оны игеру2 - бөлім. Геометриялық құрылымдар мен ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

