Американың Милуоки қаласындағы галереядан ұрланған Пабло Пикассоның туындысы сегіз жылдан кейін табылды. Офорт осы уақыт бойы пәтердегі қабырғада ілулі тұрған, қалың шаң басқан, деп хабарлайды infohub.kz.
Мәселе Пикассо 1949 жылы жасаған «Тореро» офорты туралы болып отыр. Жұмыс күріш қағазында орындалған, рамкаға салынған және суретшінің қолы қойылған. Мұндай данадан барлығы 30-ақ бар.
Ұрлыққа дейін офорттың құны 35–50 мың доллар (16–23 млн теңге) деп бағаланған. 2018 жылы жұмыс Милуокидегі Билл ДеЛинд галереясынан жоғалып кеткен еді, осы уақыт бойы оның қайда екені белгісіз болды.
Өткен аптада полиция ДеЛиндті табылған жұмысты тануға келуін өтінді. Ол бірден бұл сол офорт екенін түсінді.
«Мен таңғалдым. Сөзімді таба алмадым. Бұл мен үшін керемет сәт болды», — деді ДеЛинд.
Қосымша растау ретінде рамканың артқы жағындағы жапсырма болды. Онда DeLind Fine Art Appraisals компаниясының таңбасы сақталған — дәл ұрлыққа дейінгідей.
Бұл оқиғадағы ең ерекшесі — Пикассоның табылған жері. Мүлік иесі Тим Дерц пәтерді босатып, тазалап жүріп офортты тауып алған.
«Ол қабырғада біртүрлі жерде ілулі тұрды. Ол жерде өте ұзақ уақыт тұрғандай әсер қалдырды, себебі үстінде қалың шаң бар еді», — деді Дерц.
Ер адам табылған затты антиквар досына көрсетті. Ол одан Пикассоның туындысын танып, бұл 2018 жылы ұрланған офорт болуы мүмкін деп болжады. Содан кейін Дерц картинаны полицияға тапсырды.
Енді құқық қорғау органдары ұрланған жұмыстың пәтерге қалай түскенін және осы уақыт бойы кім сақтағанын анықтауы керек.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle нацистер ұрлаған картина Амстердамда қоқыс арасынан табылғанын жазған еді.


