АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Кэш Патель 14–15 қазан аралығында Ресейге баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Politico басылымы жағдайдан хабардар екі америкалық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады. Ол алдымен Мәскеуге, содан кейін Санкт-Петербургке барады. Қабылдаушы тарап ретінде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) күтілуде, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл жоспарларды тағы бір америкалық шенеунік растады. Оның айтуынша, сапар күзге жоспарланған. Әңгімелесушілер құпия жоспарларға байланысты атын атамау шартымен сөйлескен.
Пателдің Ресей президенті Владимир Путинмен немесе оның жоғары лауазымды көмекшілерінің бірімен кездесуі әзірге белгісіз. Сондай-ақ ықтимал келіссөздердің күн тәртібіне қандай мәселелер енетіні де белгісіз.
Ақ үй өкілдері пікір сұрауды ФБР-ге бағыттады, алайда ведомство жарияланым кезінде жауап бермеді.


