Поляк билігі Ресейдің Балтық елдеріне ықтимал шабуылына қалай жауап беру керегін екі сценарий бойынша пысықтап жатыр. Солардың бірі қарулы күштерді тартуды көздейді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РИА Новости поляк Onet порталының дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Ресей Балтық мемлекеттеріне агрессия жасаған жағдайда Варшава әскерін жұмылдыруы мүмкін. «Үкімет өкілдерінің бірі бізді сендіргендей, Ресей тарапынан арандату болса, Польша шабуылға ұшыраған балтық мемлекетіне көмекке қарулы күштерін дереу жібереді», — деп келтіреді басылым дереккөздің сөзін.

Порталдың екінші сұхбаттасушысы абайлап сөйлеп, Польшаның мұндай операцияға қажетті ресурсы жоқ екенін мойындады. РБК сілтеме жасаған поляк O2 интернет-порталының дерегінше, үш Балтық елінің біріне шабуыл жасалған жағдайда Варшава екі нұсқаны қарастырып отыр: тек әскери араласу ғана емес, гуманитарлық көмек көрсету де.

Айта кету керек, поляк үкіметі бәрібір бірінші нұсқаға бейім тұр. Дереккөздер ықтимал сценарийлердің бірі ретінде балтық елдерінің бірінің шекарасы маңындағы шағын ауылды басып алуды атады.

Сонымен қатар министрлердің бірі әскери көмек Польшаның өзінің қорғаныс қабілетін әлсіретпеуі керектігін атап өтті. Сондықтан, оның айтуынша, ең алдымен арнайы мақсаттағы бөлімшелер жұмылдырылуы мүмкін.

Материалда Ресейдің НАТО-ға шабуылға дайындалып жатқанын көрсететін белгі жоқ екені де аталады.

Бұған дейін Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі елдің әскери резервшілеріне НАТО-ның оқу-жаттығуларына ықтимал шақыртуға дайындалуды тапсырған болатын. Бұл қадам Ресей тарапынан өсіп келе жатқан қауіп аясында жасалды.