Польшаның Конотопье ауылында Еуропадағы ең биік Мәриям ана мүсінінің салтанатты ашылуы өтті. Монументтің биіктігі 55,6 метрді құрайды, бұл оны Рио-де-Жанейродағы әйгілі Христос-Құтқарушы мүсінінен және Польшаның Свебодзин қаласындағы Христос Патша ескерткішінен де биік етеді. Жаңа мүсін тек Филиппиндегі 98 метрлік Мәриям ана мүсінінен ғана кем түседі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Салтанатты ашылу рәсімі әсерлі көрініспен өтті: екі тікұшақ мүсіннің үстінен айналып, қонақтарға раушан гүлінің жапырақтарын шашты, ал жиналғандарға фольклорлық ансамбль ән мен би көрсетті. Ескерткіш жақын маңда тұратын жергілікті миллионер кәсіпкер Роман Каркосик пен оның жұбайы Гражинаның қаражатына тұрғызылды.
Монумент тұрғындары 150 адамнан аз ауылда, тікелей далаға орнатылған. Салтанатқа Польшаның бұрынғы президенті, Бейбітшілік сыйлығының лауреаты, 82 жастағы Лех Валенса келді. Мүсінді жергілікті епископ Кшиштоф Ветковский батасын берді. Оның айтуынша, қолдарын жайған алып бейне адамдарға Құдайды еске салып, бос әурешіліктен алыстатуы тиіс. Ашылуы Қасиетті Мәриямның көкке көтерілу мерекесіне орайластырылды.
Бұған дейін Вольфганг Амадей Моцарттың туған қаласы Зальцбургте оның 270 жылдығына арналған көркем инсталляция аясында орнатылған 320 композитордың алтын мүсінінің 210-ы бір ай ішінде жоғалғаны хабарланған болатын. Инсталляция 15 шілдеде ашылған еді.


