Польшада оқу орындарына пышақпен жасалған бірнеше шабуылдан кейін 170-тен астам жасөспірім ұсталды. Ел бойынша ауқымды тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлағандай, ұстаулар туралы Польшаның ішкі істер және әкімшілік вице-министрі Магдалена Рогульская мәлімдеді.
«Таңғы баяндамада 177 адамның ұсталғаны, 138 мыңнан астам тексеру жүргізілгені айтылған. Ауқымы өте үлкен», — деді Рогульская.
Оның дерегінше, ұсталғандардың 43-і балаларды тәрбиелеу орталықтарына немесе балалар изоляторына жіберілген. Ұсталғандарға қандай айып тағылып жатқанын ол нақтыламады, бұл тергеу аяқталған соң белгілі болатынын түсіндірді.
Соңғы күндері Польшаны мектептерге пышақпен жасалған шабуылдар толқыны шарпыды. Сенбіде 21 жастағы әйел Варшава орталығындағы мектеп маңында үш жас жігітке шабуыл жасады. 17 жастағы қыз, 17 және 24 жастағы жігіттер пышақ жарақатын алды.
Бұған дейін Польшаның Остроленка қаласындағы оқу орнында пышақпен жасалған шабуылдан жеті адам зардап шеккені хабарланған. Жарақат алғандардың арасында оқушылар мен бір мұғалім болды.
Ал Лещидул-Новины елді мекеніндегі мектепте оқушы әйел тазалаушыға пышақпен шабуыл жасады. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды.


