Астана тұрғыны ерекше ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін 16 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды infohub.kz.
Полиция мәліметінше, 32 жастағы ер адам Таиландтан үш халықаралық сәлемдеме алған. Олардың ішінде гашиш майы (каннабис сығындысы) болған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 2,9 кг құраған.
Тергеу барысында күдіктінің уақытша тұратын жерінен сатуға дайындалған есірткі, электронды таразылар, орау материалдары, ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер табылды. Сот ер адамды ерекше ірі мөлшерде есірткі құралдарын контрабандалағаны үшін кінәлі деп танып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


