Сандра Буллок пен Николь Кидман ойнаған «Практикалық магия-2» сиквелі алдын ала көрсетілімдерде 3,5-4 млн доллар жинады. Сеанстар бейсенбі күні сағат 14:00-де басталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Deadline дерегінше, фильмнің әлемдік прокаттағы бастапқы жинағы 58-63 млн долларды құрауы мүмкін. Ішкі прокатта туындыға шамамен 40 млн доллар болжанып отыр, алайда Warner Bros. студиясы одан да қарапайым баға беріп, 30-35 млн доллар деп отыр. Сондай-ақ 77 халықаралық нарықта таспа 18-23 млн доллар жинауы ықтимал.
Болжамдар расталса, сиквел алғашқы күндердің өзінде 1998 жылғы бірінші фильмнің жалпы жинағынан асып түседі. Ол әлемдік прокатта 51,3 млн доллар тапқан болатын. Warner Bros. үшін бұл старт аса маңызды: студия ұзаққа созылған құлдырауды тоқтатып, бір жылдан кейін алғаш рет дебюттік демалыс күндерінде 40 млн доллар межесінен асуды көздеп отыр.
Жобаға деген қызығушылық Сандра Буллок пен Николь Кидманның көптен күткен қайта оралуымен және түпнұсқа жанкүйерлерінің қолдауымен артып отыр. Бірінші бөлім уақыт өте келе теледидар мен бейнежазбалардағы көрсетілімдердің арқасында культтік мәртебеге ие болды — 28 жылдан кейін жалғасын түсіруге басты түрткі осы болды.


