
Ақорда
- 28 нау. 2025 09:28
- 106
Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдап, ведомствоның атқарған жұмыстары мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы есеп тыңдады.
Кездесу барысында министр су тасқыны қаупіне байланысты жағдайды баяндады. Оның айтуынша, елдегі ахуал тұрақты, сегіз өңірдегі су деңгейі бақылауда. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасуды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Президент су тасқынына қарсы шараларды күшейту, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша тапсырмалардың орындалуын жалғастыру қажеттігін баса айтты.
-
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа функцияларды іске қосады
-
Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылындағы мектеп емтихандарының мерзімдерін қайта қарастыруда. Бұл өзгерістер Құрбан айт мерекесіне сәйкес келуіне байланысты енгізілмек.