A24 студиясы Роберт Паттинсон басты рөлді сомдаған «Прайм-тайм» драмалық триллерінің алғашқы трейлерін ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 25 қыркүйекке жоспарланған.

Оқиға 2006 жылы, «Поймать хищника» телешоуы танымалдық шыңында тұрған кезде өрбиді. Жүргізуші Крис Хансен түсірілім тобымен бірге кәмелетке толмағандармен кездесуге әрекет жасады деп күдіктелген адамдарды әшкерелеу үшін арнайы операциялар жүргізді.

Паттинсон Хансеннің өзін ойнады. Фильмде сондай-ақ Мерритт Уивер («Ходячие мертвецы»), Скайлер Гизондо («Знакомство с Факерами: Новая глава», «Шрек 5», «Ночь в музее: Секрет гробницы») және әнші Фиби Бриджерс түсті.

Режиссері — Лэнс Оппенхайм, ал Паттинсонның өзі фильмнің продюсерлерінің бірі болды.

Шоудың өзі 2004-2007 жылдары американдық теледидарда көрсетіліп, үлкен аудитория жинады. Алайда кейін жоба айналасында үлкен жанжал туды. 2006 жылы күдіктілердің бірі, округтік прокурордың көмекшісі Билл Конрадт полиция операциясы кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Осыдан кейін шоу жасаушыларға қарсы сотқа шағым түсіріліп, жоба жақын арада жабылды.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі екінші демалыс күндерінен кейін әлемдік прокатта $639,6 млн жинағанын жазған болатын. Әрине, қорытынды жасау әлі ерте, бірақ ежелгі грек эпосының экранизациясы 2026 жылғы барлық фильмдер арасында жинаған қаражат бойынша жетінші орында тұр.