Ресей Президенті Владимир Путин Ресейде мобилизация қажет еместігін тағы да мәлімдеп, украин әскерінде дезертирлер саны көп екенін айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Шығыс экономикалық форумының (ШЭФ) пленарлық отырысында сөйлеген Путин қазіргі уақытта мобилизация жүргізуді талап ететін сценарий жоқ екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда мобилизацияны қажет ететін сценарий жоқ. Бұл — Мемлекеттік Дума сайлауы қарсаңында нәтижелерге әсер ету мақсатында жасалып жатқан қарсыластың ақпараттық шабуылы. Бұл жай ғана ойластырылған ақпараттық операция», — деді ол.

Ресей көшбасшысы Ресейде әскери қызметшілер келісімшарт жасасып, ерікті түрде қызметке түсетінін атап өтті. Сонымен қатар ол Украинада, Ресейден айырмашылығы, адамдарды «мәжбүрлеп майданға жіберетінін», сондықтан онда «дезертирлер саны көп екенін» қосты. «Әскери қызметшілердің болуы тұрғысынан бізде ешқандай проблема жоқ», — деп атап өтті Путин.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін мобилизацияның жаңа толқыны болуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарған болатын.