Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылғы 7 қазанда 74 жасқа толған туған күнін жұмыс режимінде өткізеді. Ол жеке мерекесін мемлекеттік және халықаралық мәселелерді шешумен ұштастырады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ресей басшысының кестесі туралы Кремль өкілдері — президенттің көмекшісі Юрий Ушаков пен баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты. Олардың сөзінше, бұл күні Путиннің іскерлік шаралары жоспарланған.
Алайда Песков атап өткендей, Путин үшін бұл жеке мерекеде ең бастысы — туған-туыстары мен жақындарының құттықтауын алу мүмкіндігі.
Туған күннен кейін бірден, 8 және 9 қазанда, Кремль баспасөз қызметінің дерегінше, Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл сапар аясында Каспий экологиялық саммиті де жоспарланған. Негізгі тақырыптардың бірі — Каспий теңізінің тартылуы. Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық декларация қабылданады деп күтілуде.
Каспий экологиялық саммитінде Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстан президенттері Каспий жағалауындағы елдердің табиғатты қорғау саласындағы практикалық ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Каспийдің тартылуын болдырмау және оның биоресурстарын сақтау шараларын қарастырады.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні туралы жазған. Биыл 17 мамырда мемлекет басшысы 73 жасқа толды. Ол мерекесін әдеттегідей жұмыста қарсы алды.
Президентке шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан ондаған құттықтау келді. Тоқаевты алғашқы болып Путин құттықтады.


